21
август
2024
"Мектепке жол" акциясы
"П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" КММ-нің мұғалімдері азқамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына "Мектепке жол" акциясы арқылы көмек қолын созып, 150000 теңгеге мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берді. Қамқорлық пен сүйіспеншілік танытқан мұғалімдердің ісі - алғыс айтуға тұрарлық. Өзара көмек көрсету дәстүрі алдағы уақытта да жоспарланып отыр.


