06
июнь
2024
Демеушілік көмек.
"П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" КММ-не биылғы жылы Шар қаласының "Sharcem" ЖШС-ның ұжымы демеушілік көрсетіп, 5 тонна цемент бөліп берді. Мектебіміздің көркеюіне осындай демеушілеріміз көмек қолдарын созып отырса, кез-келген мәселе оң шешімін табары сөзсіз. Демеушілік көрсеткен "Sharcem" ЖШС-ның ұжымына, бас атқарушы директоры Чэнь Юнлянға, сонымен қатар директор Ши Жун Фенгке мектеп директорының және ұжымының атынан алғыс хат табыс етілді.


