Ата-аналар арасында "Брейн-ринг" сайысы өтілді
Мектебімізде оқу ісінің орынбасарлары А.Б. Карижанова мен И.А. Кусманованың ұйымдастыруымен 9-10 ақпан күндері ата-аналар арасында "Брейн-ринг" сайысы қазак және орыс сыныптарына бөлек өтілді. Сайыстың мақсаты: оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру, мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жандандыру. Сайыс барысында ата-аналар қызықты сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты. Жартылай финалға өткен командаларға сәттілік тілейміз!