Мектебімізде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларды 20-шы наурызда атап өттік. Оқушылардың ұлттық сананы қалыптастыруға, жеткіншек ұрпақтың бойына биік мәдени-имандылық құндылықтарын тәрбиелеуде, наурыз мерекесінің халықтық бастау көздерін, дәстүрлерін, тұтас алғанда Қазақстанның тарихы және мәдениетін құрметтеуге бағдарлайтын, ел бірлігін нығайтуға үндеу болатын, салт дәстүріміз бен достыққа берік, сабырлы да төзімді ел екенімізді танытып, қазақстандық бірегей модельдің сипатына мән беріп, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын кеңінен насихаттауға бағытталған. Әр сынып аса дайындықпен келіп, әртүрлі салт-дәстүрлерін көрсетті. Мәселен: тұсау кесер, сыбаға беру, беташар, сырға салу, қырқынан шығару, құда күту т.б.көрсетілді. Наурызкөже жасап, қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. 21-ші наурызда қалалық Наурыз мерекесін тойладық. Киіз үй құрылып, құда күту, беташар, құйрық бауыр асату рәсімдері көрсетіліп І орынға ие болдық. Сонымен қатар палау мен наурыз көже жасалып, елге таратылды. Сондай-ақ арқан тартудан ерлер және әйелдер, қол күресінен әйелдер бірінші орынға иеленді.