"Мектебім, саған мың алғыс!" » "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«П.Г.Карелин атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-19-49
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-19-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

"Мектебім, саған мың алғыс!"

25 мамыр күні 2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде мектеп бітіруші түлектер үшін "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында мектеп бітірушілер іс-шарасы өтті. Іс-шараға Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Шаймуратов Канат Рымханович қатысты. Білім бөлімінің басшысы мектеп ұжымына аудан әкімінің хатын табыстады. Сонымен қатар мектебіміздің мұғалімдері Кенжебаева Мейргул Хибашевна, Нурсапинов Шалкар Бекенович, Бутабаева Меруерт Нурлановна, Айсабек Гүлайым білім бөлімінің басшысының марапатына ие болды. Білім бөлімінің басшысы "Алтын белгі" иегерлері Узбеханова Аружан мен Мақсут Аяжанға Әлихан Бөкейхан Университетінің Кеңесі бойынша тағайындалған Университет Президентінің грантын табыстады. Мектеп бітіруші түлектерді 1974 жылғы түлек Айбек Мереке құттықтап келді. Айбек Мереке өзінің атынан аудандық олимпиада мен сайыстардың желдегері, мақтанышымыз, мектеп бітіруші түлегіміз Лискенов Асанәлиге планшет сыйлады. Сонымен қатар іс-шараға ардагер ұстазымыз Шектыбаева Бағдат Жомартовна қатысып, жас түлектерге өзінің ақ тілегін айтып, сәт сапар тіледі. Жалпы іс-шараның мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.