27
август
2025
Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды
2025 жылдың 27 тамызында "Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман" тақырыбында өткен аудандық тамыз конференциясында Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Айгуль Балтабаевна марапатталды. Айгуль Балтабаевнаға білім беру ісіне шығармашылықпен қарап, егеменді еліміздің туын жоғары ұстап, мәртебесін өсіретін, ел сенімін ақтайтын, саналы, бүгінгі күн талабына сай, білімді, бәсекеге қабілетті, дарынды шәкірт тәрбиелеп, оның дарынын дамытудағы табысты еңбегі үшін алғыс білдірілді.