11
декабрь
2018
Ағылшын тілі апталығы
Желтоқсан айының 4-11 аралығында ағылшын тілі пәнінің апталығы болып өтті.
Апталық аясында түрлі сыныптар арасында білім сайыстары өтті. Солардың бірі 7 А,Б,В сыныптары өзара білімдерін сынаған "The Island of Treasure” сайысы болды. Бұл сайысты ағылшын тілі пәні мұғалімі Мейіргүл Хибашқызы Кенжебаева ұйымдастырды. Әртүрлі тапсырмалар сынақтарынан сүрінбей өткен 7 «А» сыныбының «Golden 5» тобы 1-орын алса, 7 «Б» сыныбының «Santa Clаuse» тобы 2-ші орын және 7 «В» сыныбының «English» тобы 3-орынды иеленді. Өте тартысты өткен сайыс соңында жеңімпаздарға және сыныптастарын қолдауға келген көрермендерге тәтті сыйлықтар үлестіріліп, ағылшын тілін терең меңгеруге сәттілік тіленді.