Оразбаева Светлан Диханқызының шәкірттері » "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«П.Г.Карелин атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-19-49
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-19-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оразбаева Светлан Диханқызының шәкірттері
05
апрель
2017

Оразбаева Светлан Диханқызының шәкірттері

     Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағыбүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Бүгінгі ұрпақтың , өскелең ұрпақтың жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абай атамызша сөйлесе, « тіл ұстартып, өнер шашпақ мақсатын түсіндіру» - атаанадан басталып, мектепте пән мұғалімінің дарындылық қабілетін дамытумен , бүкіл қоғам болып атсалысатын  жауапты міндеттердің ең бастысы.

 

     Шар қаласында  П.Г.Карелин орта мектебінде түрлі сайыстар, «Асыл сөз»  бәсекелі додалар өз мәнінде жүйелі түрде өткізіліп тұрады.  Солардың ішінде мектептің қазақ тілі мұғалімі Оразбаева Светлана Диханқызының шәкірттері биік белестерден көрініп жүр.

 

Аудандық Махамбет оқуларынан «Ұлы арман» бағыты бойынша  жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған 10 –сынып оқушысы Мамырбаев Қуандық. 

 

     Қазақ тілі пәнінен өткен олимпиадада облыс  жеңімпазы ,  жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған дарынды оқушы Сейтжағыпарова Ажар.

 

     Ойымен от жандыратын, сөзімен шөл қандыратын  дарынды оқушыАжар! Ажар  мектеп табалдырығын аттағаннан бастап білмекке ұмтылатын, айтқанды ұғып тез қабылдайтын қасиетімен таныла бастаған. Жас ерекшелігіне қарамастан аудандық, облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі орынды қанжығасына байлады. Алғыр да зерек Ажар тіл білімінің салаларын жетік меңгерген , үлкен белестерді ала білген,бізді үміттендіре білген жас дарын.  Ажар бос уақытында кітап оқумен, өлең, ән жаттаумен, қолөнерімен, шахмат ойнаумен өткізеді.

 

     Сан шәкіртті қыран етіп түлеткен ұстаздар тілегі де осындай дарынды балалар болса керек, біздің Ажар мен Қуандық  та дәл солай!

 

      «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа  құйып, қалай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген ғой ұлы педагог К.Д.Ушинский. Олай болса, білім мен тәрбие ұштасқанда ғана жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.

 

     Уақыт талабы мұғалімнен қазақ тілі сабақтарын қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет  етеді. Оқушылардың көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесінің тиімді болуын талап етеді. Сондықтан ортақ ісәрекетті ұйымдастырудағы негізгі мақсатәрбір жеке оқушының дамуына, оқу, таным ерекшелігі мен ісәрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарау.  Себебі, бүгінгі таңда Елбасымыз Қазақстан халқына арналған Жолдауында ұстаздар алдында үлкен талаптар қойып, салауатты да сауатты ұрпақ дайындау ісінде үлкен жауапкершілік пен сенім артып отыр.

 

     Осы ұлы да жауапты істі жүзеге асырудағы ұстаз мақсаты: жаны адал, бойында адамгершілік қасиеті мол, ең бастысыжүрегі елім, жерім, тілім деп соғар, білімді де, білікті, мәдениетті де өнегелі, жан-жақты жеке тұлға, ойымен от жандыратын, сөзімен шөл қандыратын, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Өйткені адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді.

 

Тілді биік дәрежеге жеткізуең биік арман. Бұл жолкөп еңбекті, талаптылықты және биік мақсатқа берілгендікті қажет етеді.

 

Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар. Белес түбібір асқар. Ұстаз үшін оқушының жетістігі қуаныш сыйлайды, сол үшін өз уақытымызды аямай оқушының жетістігіне жұмсайық. Оқушыға сіңірген еңбегіміз &

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив