04
декабрь
2018
Ұланбасы сайланды
Қараша айының 23 – күні үлкен қоңырауда мектеп фоесінде тізіліс жарияланып, мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері Надырханова Айжан Болатхановна және Кусманова Индира Ахметхановнаның алғы сөзімен ашылды. Сайлауға 10 – сыныптар арасынан 4 үміткер өздерінің мектепшілік ұйымдастыратын жұмыстарын ұсынды. 30 –ы күні сағат 8.00 – де мектеп Ұлан басын сайлау рәсімі өтті.Сайлауға жалпы, 171 адам дауыс беріп, соның ішінде 68 дауыс ұпайымен 10 «а» сынып оқушысы Жазитов Ануар алға шығып, Ұлан басы лауазымына ие болды.