Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы » "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«П.Г.Карелин атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-19-49
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-19-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
29
январь
2021

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
2020 – 2021 оқу жылы
Қаңтар

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің П. Г. Карелин атындағы орта мектебі» КММ  директорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 4 бұйрығы негізінде 2021 жылғы қаңтар айының 27 күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды.
Тексеру жүргізгендер:
Комиссия төрайымы: Рахметова А. Т. - мектеп төрайымы
Комисия мүшелері:
  1. Шәріпбаева Ә. Ж. – тәрбие ісінің меңгерушісі
  2. Батенова Н. К. – мектеп медбикесі
  3. Мустафина Г. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
  4. Кумарова А. Т. – ата-аналар комитетінің мүшесі
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, санитарлық талаптардың орындалуы, киім үлгісінің талаптарға сай болуы, асханадағы оқушылар сыйымдылығының талапқа сай болуы.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің П. Г. Карелин атындағы орта мектебі» КММ  87 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған балалр тізімінде бар. Карантиндік шаораларға сәйкес кезекші топтардағы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 57. Олардың күнделікті асханадан тегін ыстық тамақпен қамтылуын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәріпбаева Ә. Ж. және кезекшілік атқаратын Надырханова А. Б., Батенова Н. К., Бахытжан Г. Т., Тұрспекова Н. О., Қабдылқақ А. А. қадағалайды. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық-гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Санитарлық талаптарға сай үстелдер белгіленген, ара-қашықтық ережесі сақталған.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзіміталапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.
Ұсыныс:
1. Аз қамтылған отбасы балаларының мектеп асханасынан күнделікті тегін ыстық тамақпен қамтылуын мектеп медбикесі және сынып жетекшілер тарапынан үнемі қадағалансын.
2. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан  бақылансын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив