02
февраль
2019
Түлектермен кедесу кеші
Ақпан айының 2 –күні сағат «Түлектермен кездесу кеші» өткізілді. Жылдағы дәстүр бойынша ақпан айының екінші жұлдызында, ұядан ұшып кеткен түлектерге мектеп есігі айқара ашылды. Бұл кешке биылғы жылы 1 жыл, 5 жыл, 10 жыл, 15 жыл, 20 жыл, 25 жыл, 30 жыл, 35 жыл толған түлектерді 10 – 11 сынып оқушылары қарсы алды. Мектеп өмірінен есте қалған қызықты сәттерді еске алды.Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.Кездесу соңында түлектер өз аттарынан ізгі тілектерін жеткізіп, мектептің өркендеуіне бар күшін салып жүрген ұстаздарына және мектеп директоры Рахметова Айгуль Тлеубердиновнаға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.