Ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинары » "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«П.Г.Карелин атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345)2-19-49
Есепші бөлімі:
+7(72345)2-19-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинары
19
ноябрь
2019

Ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинары

2019 жылдың 14 қарашасында мектебімізде аудандық ағылшын тілі пәні  мұғалімдерінің семинары өтті.  «Үштілділікті дамыту және жаңартылған мазмұндағы бағдарламаны жүзеге асыруда ағылшын тілі пәні сабақтарында оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында ұйымдастырылған бұл семинарға ауданымыздың білім беру мекемелерінен 32 мұғалім қатысты.

Келген қонақтарды «Walt Disney» анимациялық кейіпкерлері  қарсы алып,   Mary Poppins (география пәні мұғалімі А.Ж.Исатова ) тіркеуге алып отырды. Осы семинарға арнайы жасалған «Welcome to the English World» фотозонасы келушілердің естелік суреттерге түсулеріне таптырмас орын болды. «English Club» үйірмесінің мүшелері  семинарға қатысушылардан ағылшын тілінде интервью алып, Press Club ұйымдастырды.
Мектебіміздің психологтары Г.Т.Бақытжан мен Е.В.Николаенко  қатысушылармен психологиялық тренинг  өткізіп, жағымды көңіл-күй қалыптастырды.
Бұл семинарда мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі К.Н.Смагулова, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің мұғалімі А.К.Туктубаева, Бақыршық орта мектебінің мұғалімі Хуаш Зауила, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының мұғалімі   М.Д.Сембинова, Маяковский атындағы орта мектебінің мұғалімі Аяжан Асхатқызы және Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің мұғалімі Р.Т.Құрманғалиева ашық сабақ өткізіп, сабақтарында критериалды бағалаудың оқытудағы тиімділігін көрсе отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектебіміздегі  ағылшын тілі үйірмесінің  жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында 11 сынып оқушылары А.Жазитов пен Б.Мақатова және 6 сынып оқушысы Д.Рахметов ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қорғау үлгісін көрсетті. Үйірменің белсенді мүшелерінің арқасында «Сinderella» ертегісінен сахналық қойылым көрсетілді. Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері   М.Х.Кенжебаева  семинарға қатысушы мұғалімдермен «Brain Ring» интеллектуалды ойынын өткізсе, А.Б.Надырханова «Критериалды бағалау-сапалы оқытудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Барлық қатысушы ағылшын тілі пәні мұғалімдері бұл семинарды ң өте мазмұнды болғанын атап өтіп, мектебіміздің әкімшілігіне және ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. 























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив