16
август
2024
"Digital Kazakhstan: цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру"
2024 жылдың 16 тамызында мектебіміздің физика және информатика пәнінің мұғалімдері Токтаганов Мақсат Жұмағазыевич, Дерр Оксана Анатольевна, Кенжебаев Ельдербек Хибашевич, Садыкова Айжан Асхатовна "Digital Kazakhstan: цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру" тақырыбында өткен облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысында іс-тәжірибелерімен бөлісіп қайтты. Бұл іс-шара білім саласындағы цифрлық технологияларды қолдану арқылы инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылауға бағытталды.








