14
май
2024
Құққықбұзушылықтың алдын алу
2024 жылдың 14 мамыр күні "П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" КММ-нің директоры Каримжанова Арайлым Бектарбековна құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сынып ұлдарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Әңгіме барысында мектеп директоры құқықбұзушылық және қылмыс белгілері туралы, оқушыларға ұсақ бұзақылыққа бармау, бір-біріне әлімжеттік көрсетпеу керектігі туралы ескертті. Ондай жағдайлар орын алған жағдайда әкімшілік айыппұл не есепке алу шаралары жүргізілетіндігін атап өтті.