Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік
Қараша айының 22-і күні П.Г.Карелин атындағы орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Қатысқандар: Шар ПБ-ң КТП жедел уәкілі полиция старшинасы Исатов А.Т, Шар ПБ КТІБ аға-лейтенанті Омаров Б.Т, ТІМ Надырханова А.Б, Кусманова И.А, мектеп психологтары Бахытжан Г.Т, Тулепбергенова А..Д.
Кездесу аясында келесідей тақырыптар қозғалды:
-кәмелетке толмаған балалардың кешкі уақытта көшеде жүрмеуі.
-нашақорлық, насыбай, шылым шегу, спирттік ішімдіктер қолданбау және салауатты өмір салтын ұстану;
- кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың табыс табуына заң бойынша тыйым салынған ережелер жайлы;
- төбелес , конфликтілі жағдайлар балалардың болашақ оқу орындарына түсу кезіндегі туындайтын қиыншылықтар.
Бахытжан Г.Т