15
сентябрь
2017
Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Осы орайда, мектебіміздің кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда әртүрлі баспа беттерінде жарық көрген мақалалар мен кітаптар оқырман назарына ұсынылды.