Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық жалпыға білім беру қорынан Петр Григорьевич Карелин атындағы орта мектебінің білім алушыларының жекелеген санаттарындағы 82 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Короновирустық пандемия салдарынан бұл мерекені биыл ерекше қарсы алып жатсақ та, осы қиын сәтте әрбір отбасына зор денсаулық, береке, бірлік және табыс тілейміз! Жаңа Жыл жаңа бақыт әкелсін!