25
сентябрь
2020
«Отбасы күні»
П.Г.Карелин атындағы орта мектебінде қыркүйек айының екінші жексенбісі мектебімізде «Отбасы күні»-не арналған іс –шаралар өз жұмысын бастады. Бекітілген жоспарға сәйкес, 1-4 кезекші сыныптар барлық санитарлық талаптарды сақтап орындады, 5-11сынып аралығында қашықтан өткізілді.Отбасы беделін көтеру,неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау ,ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін сахихаттау мақсатында барлық сынып жетекшілер мен мектеп педагогтері бекітілген жоспарға белсенді қатысуда.
-1-11сынып оқушылары арасында «отбасы» тақырыбында шығармалар қабылданып , «үздік»шығарма нәтижесі қыркүйек айының 15-і жариялануда,бастауыш сынып оқушыларының арасында сурет байқауы ұйымдастырылып , үздік суреттері анықталды.
- «Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері» тақырыбындағы сынып сағаттары 1-4 кезекші сыныптар барлық санитарлық талаптарды сақтап , 5-11сынып аралығында қашықтан қыркүйек айының 9-10 күндері өткізілді.
- Karelinschool, Ozin.ozitanu62 атты Instagram парақшасында және мектебіміздің facebook парақшасында #меніңотбасым#моясемья челенджі өз жалғасын тапты. 1-11сынып оқушылары белсенді түрде өз жұмыстарын аталған парақшаларға фотоколлаж бен бейнероликтерін жүктеді.
-1-4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері көрме ұйымдастырып, жұмыстары мектеп дәлізінде көрсетілді.
Сонымен қатар, мектебіміздің педагогтері аталған іс –шараға өз үлестерін қосты. Мұқтаж отбасыларға арналған акция жарияланып, қазіргі уақытта 2 педагог өз көмектерін ұсынды.(кроссовки мен кеңсе заттары).
Барлық өткізілген іс-шаралар фотосуретпен презентация түрінде бекітілді.