П.Г.Карелин атындағы орта мектебі» КММ Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған салтанатты тізілістің өтуі бойынша
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.Осының дәлелі ретінде 23-қаңтар күні Ұлы Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бойынша мектебімізде «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты салтанатты тізіліс өтті. Тізілісте 9-сынып оқушылары Қали Жанерке, Александр Алишер, Құрманғазы Дильназ Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, 11-сынып оқушылары Панитко Диана мен Тәкен Диана қарасөздерін жатқа айтты. Бекқали Сәдібектің орындауында «Айттым сәлем Қаламқас» атты әні шырқалды. Тізіліске қатысушы оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар қойылды. Тізіліс соңында барлық ұстаздар мен оқушылар бірігіп «Көзімнің қарасы» атты караоке әнін орындады.








