03
сентябрь
2025
"Біртұтас ел - біртұтас жер" тақырыбында өткен ерлік сабағы
"П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" КММ-де 03 қыркүйек күні 36803 әскери бөлімінің қызметшілері "Біртұтас ел - біртұтас жер" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арнап кездесу ұйымдастырып, ерлік сабағын өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизм идеяларын дәріптеу, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту және ұлттық бірліктің мәнін түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының егемендігі мен тұтастығын сақтаудағы әскери қызметшілердің рөлі, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жауапкершілігі туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, "Біртұтас ел - біртұтас жер" ұстанымының тарихи және рухани маңызы талқыланып, жас ұрпақты елжандылыққа, мемлекетке адал қызмет етуге және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалауға шақыруға бағытталған тәрбиелік мәні ерекше атап өтілді.




