01
сентябрь
2025
"Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты іс-шара
2025-2026 оқу жылында "Білім күні" қарсаңында "П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" КММ-де 1 қыркүйек күні 1,9,11-сынып оқушыларына арналған "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. Салтанатты жиында мектеп директоры А.Б.Каримжанова ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.




